Шығыс Қазақстанда жол апатынан 6 адам қаза болды

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Көліктердің бірі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 29 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында болған апатта 6 адам қаза болып, тағы 8 адам түрлі жарақат алды. 

Қайғылы оқиға, 28 сәуір, жексенбі күні кешкі сағат 17:00 шамасында Семей-Қарауыл тас жолында болған болған. Tоyota Corolla мен Lada Priora көліктері соқтығысты.

Оқиға орнына бірден ШҚО Абай ауданы полиция бөлімінің кезекші тобы жетті, деп хабарлайды ustinka.kz. порталы.

Полицейлердің айтуынша, Қарауыл ауылынан Семейге бет алған Tоyota Corolla көлігінің 47 жастағы жүргізушісі Lada Priora-мен соқтығысқан. Оның тізгінінде 32 жастағы әйел отырған болатын. Көліктердің бірі қарама-қарсы бағыттағы жолға шығып кеткен.

«Жол-көлік оқиғасы салдарынан алты адам көз жұмды. Арасында бір жасар сәби де бар. Тағы сегіз адам түрлі жарақат алып, ауруханаға жеткізілді»,- деп хабарлайды ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тағы оқыңыз: Автобус үйдің төбесіне құлады: 29 адам көз жұмған

Полиция қызметкерлері куәгерлерден ақпарат алып, оқиғаның мән-жайын анықтауда. Бірқатар сараптама жүргізілетін болады. Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (көлiк құралын басқару кезінде абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет) сәйкес тергеу басталды.



sputniknews.kz