Шығарма: Менің сәби кезім

0

Шығарма: Менің сәби кезім казакша Шығарма: Менің сәби кезім на казахском языке

Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйтерек ауылы
Әл-Фараби орта мектебі
10 «ә» сынып оқушысы: Нұстаева Ардана
Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі: Рыскулова Турсынхан Айдаровна

Балалық шақ — адам өміріндегі бақытты сәт. Әрбір адам өмірге ересек адам болып келмейді. Ең әуелі, дүние есігін анаңның құрсағын жарып шығасың. Сол сәттен бастап сен пешенеңе жазылған қамшының қысқа сабындай қысқа, қайғысы мен қуанышы қатар жүретін, тәтті өміріңе алғашқы қадамыңды жасайсың. Басында сүйкімді әрі тәтті, қоршаған ортаңдағы адамдардың сүйіспеншілігіне бөленетін, өмірдің ең тәтті кезі – балалық шағың, яғни, бейкүнә сәби болдың. Сәби болған кезде ештеңені түсінбейтін, жаңа әлемнің әрбір бөлігін қызықтап, қызығатын кез. Ал енді мен өзімнің өмірімде осы жайлы сөз қозғай бергім келетін шағым — сәби кезім. Одан кейін балалық шағым жайлы айтып сәби болғанның қандай бақыт екендігін түсіндіргім келеді. Мен анамның құрсағынан екі мыңыншы жылдың қақап тұрған ақ боран дүлей болып жатқан аппақ қыс мезгілінің алғашқы айының жиырма төртінші жұлдызында туылдым. Сол кезден бастап мен бұл әлемнің бір бөлшегімін. Мен бұл кезде, әрине ештеңені білмеймін, ол өскен 3-4 жаста болғандағы қызықтарымды да білмеймін, есімде жоқ. Мен бұл жайлы әжемнен сұрап білдім. Себебі, әрбір адам өзінің кішкентай кездегі шақтарын білуі керек, және де қиналған сәтте немесе қуанып отырған кезде есіңе алып, сол сәтке деген сағынышың болады. Бұл сезімнің өзің сезінген бір ғанибет. Өзім әжемнің тәрбиесінде болдым, былайша айтқанда әжемнің қызымын. Сәби болған кезімде мен өте ширақ, жылдам сезімтал болыппын. Сол жайлы қысқаша айта кетейін: Кішкене сәби кезімде бесікке бөлейді екен мені. Өйткені көп қолға ұстайтын уақыт жоқ екен, әрине, ол кезде тіршіліктің қайнап жатқан анамның жұмысқа шығып әкемнің басқа қалаларда жұрген, әжемнің қу тіршілігі бар болған кез. Қазақ жұртының ұлы қасиеттері, былайша алғанда салт-дәстүрі жаңадын жаңғырған баланы бесікке бөлеу деген. Сол салт-дәстүрден өттім, бесікке бөленгенмін. Қазақта дана сөз барғой: «Бесіктен бастап, тәрбиені беру керек», бесік көрген асыл адам болады дегендей сөздер бар. Және де «Тәрбие тал бесіктен басталады» деген осы жерде орынды. Мені түнде бесікке бөлейді екен. Таңға таман қарағанда «Бесікте көкпар тартып жатады екенмін» Әлі күнге дейін әкем күліп, есіме түсіреді. Түнде қол-аяғымды байлап тастағанда, азанда қолым бас, аяғым байлауы әрі бесіктен салбырап жатады екенмін. Қалай шешіліп алатынымды ешкім білмейді. Әр түнде бесіктен шыққанға дейін солай жатады екенмін. Міне сәби кезімді есіме түсіремін, әрі қызық оқиғам осы. Міне, менің сәби кезім. Мен өз басым сәби кездерім қазіргі туылып жатқан іні-сіңілімен салыстырып қарағам, мүлде басқа. Бұл заман талабы. Себебі қазіргі заман ғылым мен технологияның дамыған шарықтаған кезеңі . Қазіргі жаңа туылған сәбилер бесікке бөленбейді. Осы заманда шыққан әр түрлі төсектерде, әр түрлі балаға арналған орындарды ұйықтайды. Бұрын бесік көшіп қонуға қолайлы болған, әрі ұйқыға тыныш болады. Қазір қол мен аяғын бос жіберіп, бесікке бөлемей ұйықталады. Бұл дұрыс емес деп ойлаймын. Себебі, менің ойымша бесікте біріншіден баланың ұйқыға тыныш болады екіншіден ата-анасына да қолайлы, уақытта болады, қолға ұстамай, бесікке бөлесе, әрі дене бітімі әдемі болады, себебі, бесікте жатқанда баланың омыртқасы түзу болып қалыптасады. Міне бесіктің артықшылығы. Қалай болып өссе де ол оның сәби бадлалық кезі. Сондықтан әрбір адам оны бағалап, жүрегінде сақтап сәби кезін есіне түсіріп қуанып есіне алу керек Өз басыма менің сәби кезім қуанышқа толы болды. Сәби болу бір бақыт!

М.Мақатаевтің! «Сәби болғым келеді, сәби болғым, Ана сүті аузынан арылмаған» деген өлең жолдары есіме түсе береді.


Материалдың толық нұсқасын секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!