«Шеврон» Қазақстанда Тікелей инвестиция қорының веб-сайтын іске қосты
Бүгін “Шеврон” компаниясының Қазақстандағы бөлімшесі “Шеврон Мұнайгаз Инк.” Қазақстандағы Тікелей инвестиция қорына қатысты веб-сайтты іске қосты, деп хабарлайды kznews.kz сайты www.cdif.kz порталына сілтеме жасап.
Веб-сайт, цифрлық платформа ретінде қазақстандық бизнес-қауымдастыққа инвестициялық жобаларды қаржыландыруға өтінім тапсыру үшін инвестициялық мүмкіндіктер мен Қор қызметі туралы ақпарат беру үшін арналған.
“Веб-сайтты іске қосқанда, “Шеврон” жергілікті қазақстандық кәсіпкерлерге өз ісін бастауға немесе дамытуға, өнімдері мен қызметтерін дамытуға қаржыландырудың жаңа ресурсы пайда болады”, – деді “Шеврон” компаниясының Еуразия бөлімшесінің басқарушы директоры Джон Балтц.
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі мен “Шеврон” компаниясы 2021 жылғы 11 қазанда 248,5 млн АҚШ доллары көлемінде Тікелей инвестициялар қорын құру бойынша Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды.
Қор “Шеврон” компаниясының цифрлық технологиялар, қоршаған ортаны қорғау, энергетикалық саласына тауар өндіру және қызмет көрсету сияқты әртүрлі салалардағы жергілікті коммерциялық кәсіпорындарға инвестиция салу арқылы Қазақстан экономикасына қолдау көрсету құралы.
Шеврон – дүниежүзіндегі жетекші интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі. Біз табысты да тұрақты әлем құруда қолжетімді, сенімді әрі таза энергияның рөлі зор деп санаймыз. Шеврон мұнай мен табиғи газ шығарады, транспорттық отын, жанар-жағармай және мұнайхимия өндіреді, бизнес пен саланы жетілдіретін технологияларды дамытады.
Біз қызметтерімізде көміртек қарқындылығын азайтуды және кәсіби бизнестік бағыттарымызбен қатар төмен көміртекті бизнестерді дамыту мүмкіндіктерін қарастырамыз. “Шеврон” туралы толығырақ ақпаратты www.chevron.com сайтынан табуға болады.