Air Astana Қазақстан мен шетелге ұшу жиілігін арттырды

0

17 желтоқсанда Air Astana Нұр-Сұлтаннан Дубайға ұшу жиілігін арттырып, аптасына 7 рейстің орнына 9 рейс орындап жатыр, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

25 желтоқсаннан бастап Алматыдан Коломбоға (Шри-Ланка) ұшу жиілігі ұлғайтылды. Енді Air Astana аралға дүйсенбі мен бейсенбіден басқа аптасына 5 күн ұшады. 

Сонымен қатар, жаңа жыл қарсаңында әуе компаниясы Алматы мен Нұр-Сұлтан арасында қосымша рейстерді қосты. 30 желтоқсанда 2 рейс, ал 31 желтоқсанда 3 рейс енгізіледі.