«Шешіндіре салмаған екен»: Тағы бір кештегі шектен шыққан ойын (ВИДЕО)

0
2618

Әлеуметтік желіде мерекелік кештегі жастардың тағы бір әдепсіз әрекеті жұрттың талқысына түсті, деп хабарлайды kznews.kz сайты Экспресс К порталына сілтеме жасап.

Ортаға шыққан қыздар мен жігіттер бір-бірінің үстіне мініп алды.

Ойын ойнатқан асаба ортадағы қатысушыларға қолтырауын болуды бұйырады. Сол сәтте қыздар етпетінен жата қалып, олардың үстіне жігіттер құлай кетті. Асаба жастардың әрекетін келеке қылып, бір жігітке «мынау сенің әйелің бе?» деп сұрайды. Видеодан қызыққа қарқ болған қонақтардың күліп жатқаны естіледі.

Бұл ойын көпшіліктің ашуын тудырды. Әсіресе, асабаны жазғырып жатқандар көп.

«Мынадай ойынды ұйымдастырған асабаларды құрту керек», «Малдан да төмен», «Өлтіріп тастау керек асабаны», «Қазақ халқы шынымен қатты қуып кеттік, мынадай малдарды соттау керек, тамаданы өлтіріп тастау керек, намысы бар қазақтар болса, ойланайық!», — деп жазды желі қолданушылары.

Мерекелік кештің қайда және қашан болғаны белгісіз.