Қызылорда облысында жаппай төбелес орын алды (ВИДЕО)

0
1999

Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Видеодан жігіттердің қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады, деп хабарлайды KZNEWS.KZ ақпарат агенттігі.

Қазалы ауданы полиция бөлімінде 2022 жылдың 1 қаңтарында төбелес орын алғанын мәлімдеді. Қазір бұзақылық дерегі сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелген.

«Полиция бөліміне ешқандай арыз келіп түспеді. Сонымен қатар аудандық ауруханада ешкім медициналық көмекке жүгінбеді», — деді ведомстводағылар.

Қазір Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

«Оқиға орнынан полиция бөліміне 8 адам жеткізілді. Істің мән-жайы анықталып жатыр», — деп қосты полиция департаментінде.
Қызылорда облысындағы жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан ер адамдардың қолдарына таяқ алып, бір-біріне тас лақтырғанын көруге болады. Оқиға Қазалы ауданында болған. Полиция бөліміне 8 адам жеткізілген.