Home Жаңалықтар Шешенсіген: 6-сынып оқулығы тағы да дау тудырды

Шешенсіген: 6-сынып оқулығы тағы да дау тудырды

1
7600

6-сыныпқа арналған өзін-өзі тану бойынша мектеп оқулығындағы «шешенсігенді» сөзі Қазнетте тағы да дауға ұласты.

Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетовке үндеу жолдаған желі қолданушылары қазақ сыныбында оқитын 196 мың бала осы сөзді қалай түсінуі керек екенін сұрайды.

«Оқулықтың 79-бетінде «шешенсігенді» деген сөз жүр. Асхат Аймағамбетовтен осы сөз қалай аударылады деп сұрағым келеді. Сабақ тақырыбы «Сынып достығы». Сонда еліміздің қазақ сыныбында оқитын 196 мың баласы сабақтарда осындай сөзді оқи ма,» – деп жазды Facebook қолданушысы Кирилл Павлов.

«Мынау енді шектен шыққандық. Меніңше, мына оқулықтың бәрін алып тастап, оқушыларға басқасын таратып беру керек. Біреудің жаман ниеттегі әзілі сияқты» — дейді Гафура Идрисова есімді пайдаланушы.