Серік Ахетов жазасын толық өтеп шықты

0
2567

Қазақстан Республикасының бұрынғы премьер-министрі Серік Ахетов жазасын өтеді,  деп хабарлайды kznews.kz сайты.

ҚР ІІМ КУИС баспасөз қызметінде хабарланғандай, ол 1 қыркүйекте жазасын өтеуге байланысты пробациялық есептен шығарылды.

Енді ол Қазыбек би ауданының пробация қызметінде белгілі бір лауазымдарды атқаруға тыйым салу түріндегі қосымша жаза бойынша есепте тұр.

Серік Ахметов 2015 жылдың желтоқсан айында он жылға сотталған болатын. Ол басқалардың сеніп тапсырылған мүлкін иемдену (жымқыру), кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу, қызмет бабын асыра пайдалану, заңды кәсіпкерлік қызметке кедергі жасау бойынша кінәлі деп танылды.