Сенсация: Испания Мароккодан жеңілді

0

Қатарда өтіп жатқан футболдан әлем чемпионатының 1/8 финалында Марокко мен Испания құрамалары кездесті.

Екі құрама өзінің тарихында үшінші мәрте кездесіп отыр. Біреуінде тең нәтиже тіркелсе, екеуінде испаниялық футболшылар басым түсті.

Кездесу барысында қос құраманың да гол соғатын мүмкіндігі аз болған жоқ. Дегенмен оны сәтті пайдалана алмады. Бірінші және екінші кезеңде жеңімпаз анықталмады.

Қосымша екі кезеңде де құрамалар бір-бірінің қақпасынан саңылау таба алған жоқ.

Бірақ пенальти тебуде Марокко мүлт кетпеді. Осылайша, олар тағы бір мәрте сенсация жасап, жарысты жалғастыруға мүмкіндік алды.