2-3 шақырылым бойынша отырған, әбден еті өліп кеткен депутаттар бар — Мәжіліс депутаты

0

Мәжіліс депутаты Самат Мұсабаев өзінің мәжілістегі кейбір әріптестері орнын босатуы керек деп есептейді.

Бұл туралы Мұсабаев журналист Мақсат Толықбайдың «Біздің мақсат» атты авторлық бағдарламасында айтты.

– 2-3 шақырылым бойынша отырған, әбден еті өліп кеткен депутаттар бар. Менің өзім 2 жыл отырдым. Менің де етім өліп кету мүмкін. Босатуымыз керек. Мойындаймын. Еті өліп кеткендер, әбден осыған үйренген. Биліктің айтқанын істей береді. Солар не айтады соны жасайды. Сондайлардан арылуымыз керек, – деді депутат.

Самат Мұсабаев – парламент мәжілісінің экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі. 2021 жылдан бері VII шақырылымның мәжіліс депутаты.