Семейде жоғалып кеткен бойжеткен өлі күйінде табылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Семейде жоғалып кеткен Айым Қамзаеваның денесі өзен жағасынан табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

қыз

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы ПД мәлім етті. 

«Бүгін іздеу амалдары кезінде Семейдің Бобровка саяжай аймағында өзеннің жағасында жатқан бойжеткеннің денесі табылды. Тексеру барысында 2000 жылғы жоғалып кеткен Айым Қамзаева екені белгілі болды. Қазір тергеу амалдары жалғасуда», — делінген ресми хабарламада. 

Бойжеткеннің денесінде зорлық-зомбылықтың іздері байқалмапты. Бұған дейін өзеннің арнасына шығуына байланысты бұл аумақта іздеу шараларын жүргізуге мүмкін болмаған. Қыздың мәйтін еркітілердің бірі тауыпты. 

Еске салайық, бұған дейін 19 жастағы бойжеткен із-түссіз жоғалып кеткені айтылған болатын. 

 

stan.kz