Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған дәрігер үйінде өз бетімен емделмекші болған — Қазақстан жаңалықтары

0

Нұр-Сұлтанда коронавирустан көз жұмған дәрігер он күн бойы үйінде өз бетімен емделмекші болған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

ер адам

Бұл туралы елорданың қоғамдық денсаулық басқармасының жетекшісі Сәуле Қисықова мәлім етті. 

«1958 жылғы науқас көз жұмды. Он күнге таман азаматша үйінде індеттен өз бетімен емделмекші болған. Оның жағдайы 31 наурыз күні нашарлап кеткен. Науқас хаттамаға байланысты ем қабылдады. Қарқынды ем шараларына қарамастан әйел бақилық болды», — деді Қисықова. 

Еске салайық, бұған дейін марқұм дәрігер зейнетке шықса да жекеменшік емханада қызмет атқарғаны айтылған еді. 

Бұған қоса 1977 жылғы ер азамат коронавирустан көз жұмған. 

«Марқұм — Қазақстан азаматы. Ол індетті туысынан жұқтырған. Төрт күн бойы үй карантинінде жатқан. Жедел жәрдем қызметінің көмегімен 17 сәуір күні ауруханаға жеткізілді. 22 сәуірде халі ауырлап, жансақтау бөліміне ауыстырылды. Науқас басқа да ауруларға шалдыққан», — деп қосты басқарма басшысы. 

Қазіргі таңда елордада коронавирусқа шалдыққандардың саны 1173-ке жеткен. Олардың  518-і індеттен сауығып шықса, бесеуі көз жұмған. 

Қисықова төрт науқастың жағдай ауыр екендігін айтып кетті. Сондай-ақ ол мамырдың алғашқы күндерімен салыстырғанда індеттің өсім деңгейі 20%-ға дейін азайған. 

 

stan.kz