Семей тұрғыны коронавирус жұқтырды: Ақпаратқа түсініктеме берілді – Қазақстан жаңалықтары

0
71

Әлеуметтік желіде тараған Семейдің теміржол станциясының басшысы коронавирус жұқтырды деген ақпарат жалған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

коронавирус

«Қазіргі уақытта Семейде коронавирус тіркелген жоқ. Әлеуметтік желі мен БАҚ-та теміржол станциясының басшысы вирус жұқтырды деген ақпарат шындыққа жанаспайды», – деді Семей медициналық университеті балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі Имдат Эфендиев.

Оның айтуынша, теміржол станциясының басшысы қазіргі уақытта жұмысын жалғастырып жатыр.

Еске сала кетейік, Қазақстанның денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавируспен ауыратын елдерден келетін және карантиннен бас тартатын азаматтарға ескерту жасап, оларды қылмыстық жауапкершілік күтетінін айтты.

stan.kz