«Сал-серілер» сериясының алғашқы кітабы «Ақан сері» жинағы шықты

0

2018 жылғы 22 желтоқсан 03:10 336

«Сал-серілер» сериясының алғашқы кітабы «Ақан сері» жинағы шықты


КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат — Көкшетауда «Сал-серілер» сериясының алғашқы кітабы «Ақан сері» жинағы жарық көрді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ктап «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысы әкімдігінің қолдауымен «Сал-серілер» сериясымен жарық көрді. Кітаптың құрастырушысы — жазушы-драматург, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жабал Ерғалиев.

Кітапта Ақан сері Қорамсаұлының өлеңдері, айтыстары топтастырылып беріліп отыр.

Еске сала кетейік, биылғы жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы шеңберінде Ақмола облысы əкімдігінің қолдауымен академик, батыр әрі ғалым Мәлік Ғабдуллиннің 11 томдығы, «Мәлік Ғабдуллин-қазақтың Оқжетпесі», «Жер жәннаты-Ақмола» фотоальбомдары, Сәкен Жүнісовтың «Заманай мен Аманайы» Лондонда ағылшын тілінде, Қадыржан Әбуовтың кітаптары жəне жақында Жабал Ерғалиевтің «Әлемге! Ғарышқа! Болашаққа жол ашқан Тұңғыш!» атты кітабы басылып шығарылды.

Айта кетейік, осыған дейін Көкшетауда «Жер жәннаты — AQMOLA» жинағы жарық көргендігін жазған болатынбыз.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz