Ресей, Қытай мен Иран биылғы АҚШ сайлауына араласқан

0

Бірқатар шет мемлекеттер, соның ішінде Ресей, Қытай мен Иран 2018 жылы АҚШ-тағы сайлау кампаниясына ықпал жасауға тырысты деп мәлімдеді АҚШ Ұлттық барлауының директоры Дэн Коутс.

Оның сөзінше, америкалық арнайы қызметтерде шет мемлекеттердің АҚШ-тың дауыс беру жүйесіне ену жолын тапқанына дәлелдер жоқ. Шет мемлекеттердің дауыс беру нәтижесіне ықтимал ықпал етуін бағалау арнайы қызметтің құзыретіне жатпайды делінген Коутстың президент Дональд Трамптың атына жолдаған есебінде.

Коутс Ресей мен өзге мемлекеттердің іс-қимылының егжей-тегжейін келтірмеген, алайда әңгіме ең алдымен осы елдердің «стратегиялық мүдделерін» көздейтін мақсатпен АҚШ-қа бағытталған ақпараттық кампаниялар туралы екенін айтқан.

Бұған дейін Ресейдің АҚШ-та биыл өткен сайлауға араласпақлшы болғаны туралы жақында отставкаға кететінін жариялаған АҚШ қорғаныс министрі Джеймс Мэттис мәлімдеген. Ол кезде Мэттис Ресейдің іс-әрекеті ешқандай әсер етпегенін айтқан болатын.

2018 жылы АҚШ-та Конгрестің Өкілдер палатасының және ішінара Сенат сайлауы өткен. Өкілдер палатасында демократтар жеңіске жетсе, Сенатта республикашылдар көпшілік орынды сақтап қалған.

Американың барлау қауымдастығы Ресей 2016 жылғы АҚШ президенті сайлауына килігу үшін көлемді кампания жүргізген деп біледі. Арнайы прокурор Роберт Мюллер басқаратын топ Ресейдің сайлауға ықтимал араласуына қатысты іс бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Мюллер тобы осы кезге дейін бірқатар ресейліктерге, соның ішінде ресейлік әскери барлау қызметкерлері мен «интернет-тролльдер фибрикасына» сырттай айып таққан. Мәскеу шетелдердегі сайлауларға араласқаны туралы айыптауларды терістеп келеді.

Дереккөз: Азаттық

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз