Сәкен Майғазиевтың басы тағы дауға қалды: Өнер жұлдыздарының тойдағы видеосы тарады

1

Елімізге танымал өнер адамдарының, оның ішінде мемлекеттік қызмет атқаратын әншілердің карантин талаптарын бұзып, тойда жүргені белгілі болды. 

Тойда болған қызықтармен Нұрлан Еспановтың ұлы өзінің Instagram-парақшасында бөліскен. Бұл турела Nege.kz жазды.

https://youtu.be/IN-aaPLRWCk

Тойға келген қонақтардың ортасында өнер көрсеткен әншілердің қатарында Қазақстанның халық артисі Роза Рымбаева мен Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев те бар. Абай Бегей, Айдана Меденова, Жазира мен Жанболат, Әбдіжаппар Әлқожа, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Еспанов сынды эстрада әншілерін де байқауға болады.

Тойды ертедегі той деуге келмейді. Себебі Шымкент қаласы мәдениет басқармасының бастығы, әнші С.Майғазиев: «Той-тойға ұлассын, жаман індет тез кетсін, сәуір болмай тәуір болмайды» деп тілек айтты. Соған қарағанда той жақында ғана болған тойға ұқсайды.