Сәкен Майғазиев 30 мың теңгеге барахолкадан киінген кезін еске алды (ВИДЕО)

0

Танымал әнші, «МузАРТ» тобының мүшесі Сәкен Майғазиев Инстаграм желісіне мұрағаттан алынған видео жариялады. Видеода МузАРТ тобы 2001 жылы жаңа жылдық кеште өнер көрсетуде. Ол кезде топта Мақсат Базарбаев деген әнші бар.

«Би мен кекілге көңіл бөліп қойыңыздар. 😂
2001 жыл. Сәбит Әбдіхалықов, Жанатбек Бәйтеков, Мейрамбек Бесбаев, Мақсат Базарбаев, Сәкен Майғазиев т.б бозбалалар мен бойжеткендер кішігірім сазды-сатиралы театр құрып кетсек пе деген де қиялдар болған. Содан топтың (ол кезде аты жоқ трио) екі-үш әні жарыққа шықты. Келесі кезек күттірмес мәселе — костюм. Ол кезде 30 мың теңге дүниенің ақшасы. Дүниенің де, ақшаның да бетіне қарамай барахолкаға бардық та, бірдей костюм (әртіс көйлек) іздеуге кірістік. Екі жағымдағы екі жігітке жылтырлау костюм жараса кетті. Менің бойым «ұзын» (сұңғақ) болғандықтан маған бұл түстегі костюмнің өлшемі (размері) келе қоймады. «Сен ортада тұрасың ғой, саған басқа түстегі костюм бола береді (пойдет), басқасын іздейік «, деді. Біреуін тапқандай болдық. «Саған құйып қойғандай, түсі де сені ашып тұр» деп сендіре салды. Мен де көне қойдым. Сол костюм ғой (Как плащ 😂).
Әлеуметтік желіде желіп жүрген жылы видео болған соң бөлісіп қояйын деп… Қалай, былай? » деп жариялады Сәкен Майғазиев.

https://www.youtube.com/shorts/ZNyqIBon5Bc