Сайлау учаскелерінде желі арқылы тікелей эфирге шығуға бола ма?

0

Заң бойынша сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі

НҰР-СҰЛТАН, 7 маусым – Sputnik. Сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазбаға тыйым салынбаған. Бұл туралы бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Орталық сайлау комиссиясында бас прокуратура блогерлердің 9 маусымда сайлау учаскелеріне барып, әлеуметтік желі арқылы тікелей эфирге шығып, трансляция жүргізуі қаншалықты заңды деген сұраққа жауап берді.

Тағы оқыңыз: Электронды дауыс қалай беріледі?

«Қолданыстағы заңда сайлау учаскелерінде аудио және бейнежазба жасауға рұқсат етіледі деп жазылған. Бірақ, бұл жағдайда заң нормаларын қатаң басшылыққа алу керек. Ең алдымен, учаскелік комиссиялардың қызметіне кедергі келтіруге, араласуға, сайлаушылардың жеке мәліметтерін таратуға болмайды. Бұл үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», – деді бас прокурордың орынбасары Болат Дембаев.

Сондай-ақ, ол азаматтық заңнаманың нормаларын сақтау керектігін атап өтті.

«Заңда кез келген адамның суретін пайдалану және тарату оның келісімімен жүзеге асырылатыны көрсетілген», – деді Дембаев.

Айта кетсек, бүгін сайлауалды үгіт науқанының соңғы күні. Ертең, 8 маусым – тыныштық күні, кез келген үгіт жұмыстарына тыйым салынады.


©
Sputnik /

Президентікке үміткер жеті кандидат

Қазақстандағы президент сайлауы

Кезектен тыс президент сайлауы осы жексенбі, 9 маусымда өтеді.

Осы жолы Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенттігіне жеті кандидатты тіркеді:

  • Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Жамбыл Ахметбеков;
  • «Ақ жол» демократиялық партиясы атынан Дания Еспаева;
  • «Ұлт тағдыры» қозғалысы атынан Әміржан Қосанов;
  • «Ауыл» партиясы атынан Төлеутай Рақымбеков;
  • Кәсіподақтар федерациясы атынан Амангелді Таспихов;
  • Nur Otan партиясы атынан Қасым-Жомарт Тоқаев;
  • «Ұлы дала қырандары» қоғамдық бірлестігі атынан Сәдібек Түгел.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз