Тіс ауруын басатын 7 тәсіл

0

Тіс ауруы – күтпеген кезде келетін қонақ. Бұл мәселе сіз үшін бейтаныс болуы мүмкін. Алайда тіс – адамның ең жанды жері. Бұл жағдайды түзетіп, қорқынышты сезімнен қалай арылуға болады? Біз сіздерге ауруды бірден басатын 7 әдісті ұсынғымыз келіп отыр. 

✅  1.Тіс ауруына қарсы сарымсақ, пияз және тұз көмектеседі. Бұл тағамдарды уатып, тіске басу арқылы аурудан арыла аласыз. 

✅  2. Мақта тығынын самырсын майында жібітіп, ауырған тісіңізге немесе қызыл иекке 10-15 минут басып, 1,5-2 сағаттан соң тағы бір рет қайталасаңыз, нәтижесін көресіз. 

✅  3. Тіс ауруынан құтылуға бас бармақ пен сұқ саусақтың сүйектері кездесетін жерге массаж жасау көмектеседі. Массажды тіс ауру аймағына қарама-қарсы саусақпен жасаймыз. Әрекетті 5-10 минут сайын жасап тұру керек. 

✅  4. Ауруды жеңілдетуге белгілі бір нүктеге массаж жасау көмектеседі. Жоғарғы еріннің үстіндегі нүктені тауып, бірқалыпты массаж жасау арқылы ауруды басуға болады болады. 

✅  5. Ауруды бәсеңдетуге орамалға қапталған мұз кесектерін бетіңізге басу көмектеседі. 

✅  6. 5-6 тамшы йод пен 1 қасық тұзды алып, оны 1 стақан суда ерітіп, ауру тісіңізді шайыңыз. 

✅  7. Ауруға қарсы көмекшілердің бірі — шүйгіншөп тұнбасы мен камфор спирті. Осы тұнбалардың біріне шайылған мақтаны тісіңізге бассаңыз ауруды тежейді. 

Әрине, тісіміздің саулығын күтіп, тіс дәрігерінің қабылдауында жиі болуымыз керек. Алайда ауру айтып келмейді ғой? Сондай кезде сіз не істеу керектігін білесіз.
 

reactor.inform.kz