Саясат Нұрбек қоғамдық сенім кеңесінде маңызды ұсыныс айтты

0
12

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

8 0 0

Саясаттанушы этникалық қазақтардың мәселесін көтерді. Жиында оларға қатысты үш бірдей ұсыныс жасалды

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Саясат Нұрбек этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беруді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Біздің үш ұсынысымыз бар. Бірінші, шетелдегі этникалық қазақтарға жерді пайдалану құқығын беру. Бұл өте қызу талқыланып жатқан мәселе қазір. Екінші, Қазақстан азаматтығын алған қандастарымыздың туған жерін тұрғылықты жері деп өзгертіп жазу. Яғни паспорттарда мәселен, туған жері Қытай деп жазылып жатыр», – деді Саясат Нұрбек ол ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысында.

Соңғы үшінші ұсыныс, оның айтуынша, 18 қарашаны Ұлттық көші-қон күні мерекесі етіп белгілеу.

Бүгін астанадағы Тәуелсіздік сарайында ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысы өтеді. Оған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр.

Тағы оқыңыз: Қытайдағы қазақтардың мәселесі: Тоқаев өз ойын айтты – видео

Ұлттық кеңестің алғашқы отырысы 6 қыркүйекте өткен еді. Ол кезде спикерлер зейнетке шығу жасын қайта қарауды, өлім жазасын жаза ретінде алып тастауды, сайлау заңнамасын реформалауды және мемлекеттік тілдің мәртебесі туралы заң қабылдауды ұсынған болатын.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз