Президент үкіметке салыққа қатысты тапсырма берді

0

Экономика

Қысқа сілтеме алу

5 0 0

https://sputniknews.kz/images/366/88/3668874.jpg

Sputnik Қазақстан

https://sputniknews.kz/economy/20191220/12338565/Toqaev-salyq-tapsyrma.html

Президент игерілмеген жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі айла-амалы орын алып жатқанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 20 желтоқсан – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пайдаланылмай бос жатқан жер телімдері үшін базалық салық мөлшерлемесін 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту қажет деп санайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Пайдаланылмаған жер телімдері үшін базалық салық ставкасын 10-нан 20 есеге дейін ұлғайту қажет. Сондай-ақ, мәжбүрлі түрде алу үшін ауыл шаруашылығы жерлерін пайдаланбау мерзімін қазіргі екі жылдан бір жылға дейін қысқарту талап етіледі», – деді мемлекет басшысы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында.

Президенттің айтуынша, игерілмеген жер телімін қайтарып алу кезінде істі созбалаңға салудың түрлі айла-амалы орын алып жатыр.

«Үкімет тиісті құқықтық актілерді жедел қабылдап, игерілмей, бос жатқан жерлерді экономикалық айналымға енгізу шараларын қолға алуы тиіс», – деп тапсырды Тоқаев.

Тағы оқыңыз: «Шұғыл өзгеріс енгізуі тиіс»: Тоқаев кеңесте маңызды мәселені көтерді

Президент жерді игере алатын адам ғана оның иесі болуға лайық екенін қадап айтты.



sputniknews.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз