Сағынтаевтың алма бағын салу жөніндегі заңсыз қаулысының күші жойылды

0
151

Заңгер Бақытжан Базарбек Алматының бұрынғы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың қаладағы «соңғы» алма бағын салу туралы заңсыз шешімінің күші жойылғанын жария етті. Бұл туралы Kznews.kz тілшісі Ulysmedia.kz сілтеме жасап, хабарлайды.

Бұған дейін Алматы қаласы бойынша жер ресурстары басқармасы алма бақтарын экс-әкімдер Виктор Храпунов пен Иманғали Тасмағамбетов иеліктен шығарғанын анықтаған болатын.

Кейін белгілі болғандай, 2021 жылы Хамраевтар отбасына тиесілі жер телімдерін Бақытжан Сағынтаев «Horizon.kz» ЖШС-не демалыс үйін салу үшін 4 жылға жалға берген.

Еске салайық, шілдеде Бақытжан Базарбек Сағынтаев тұсындағы Алматы әкімдігі ӘКК-ге жер телімдерін қалай заңсыз бергенін айтқан болатын.