Астана оқушылары халықаралық форумдарға байланысты онлайн-оқытуға көшіріледі

0

Елордада халықаралық форумдардың өтуіне байланысты Астанадағы мектеп оқушылары екі күн бойы онлайн оқытуға көшті, — деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі. Ақпаратты білім басқармасы растады.

«13-14 қазанда елордада мемлекет және үкімет басшыларының қатысуымен ірі халықаралық форумдардың өтуіне байланысты қала жолдарының кейбір учаскесінде көлік қозғалысын уақытша ішінара шектеу жоспарланып жатыр. Осындай маңызды оқиғалар кезінде бұл тәжірибе осындай көп елде қолданылады.

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, мектеп оқушылары мен ата-аналарға ыңғайлы болу үшін 13-14 қазанда қала мектептерінде меншік нысанына қарамастан сабақтар қашықтан оқыту форматына көшіріледі», — делінген хабараламада.