Сәбит Әбдіхалықов Әуезов театрының директоры қызметінен кетті

0
75

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

51 0 0

Әуезов театрында жақында шу шыққан болатын, әртістердің бір тобы қара шаңырақтың директоры Сәбит Әбдіхалықов қызметінде қалсын десе, екінші тарап ол басшы болуға лайықты емес деді

АЛМАТЫ, 2 наурыз – Sputnik. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрдың директоры Сәбит Әбдіхалықов қызметінен кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

«Сәбит Әбдіхалықов 2020 жылдың 28 ақпанынан бастап ресми түрде театр директоры емес. Театрға келді, алайда ұжыммен ресми түрде қоштасқан жоқ. Ал ресми бұйрықтың нөмірі маған белгісіз. Әбдіхалықов денсаулығына байланысты демалысқа кеткен кезден бастап театрды уақытша басқару актер Жарас Толғанбайға жүктелді», — деді театрдың баспасөз хатшысы Гүлім Рысқұлова.

Әзірге театрға кім басшы болып келетіні белгісіз. Алайда театр қызметкерлері алдағы аптада жаңа басшы келуі мүмкін дейді.

«Нақты кімнің басшы болып келетіні бізге белгісіз. Алайда келесі аптада жаңа басшы келуі мүмкін. Себебі театр біраз уақыттан бері басшысыз отыр. Бұл ресми ақпарат емес, тек театр қызметкерлерінің болжамы», — деді баспасөз хатшысы.

Тағы оқыңыз: Сәбит Әбдіхалықов басқаратын театрдың әртістері шу шығарды

Айта кетейік, Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрында бес жылда үш рет басшы ауысты. Әбдіхалықов театр директоры болып 2018 жылдың желтоқсанында тағайындалған болатын.

Сәбит Әбдіхалықов әр жылдары «Бауыржан-шоу», «Тамаша», «Мафия мен Тақия» театрларының актері болды.

2015-2018 жылдары Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметін атқарды.

Тағы оқыңыз: Режиссер Обаев Әуезов театрындағы жанжал туралы: шындықты неге бұрмалайды?



sputniknews.kz