Home Жаңалықтар Банк ВТБ (Қазақстан) Активтердің сапасын бағалау (AQR) рәсімінен ойдағыдай өтті – Қазақстан...

Банк ВТБ (Қазақстан) Активтердің сапасын бағалау (AQR) рәсімінен ойдағыдай өтті – Қазақстан жаңалықтары

0
58

Банк ВТБ (Қазақстан) екінші деңгейдегі банктер активтерінің сапасына тәуелсіз бағалауды ойдағыдай өтті (AQR – Asset Quality Review).

AQR нәтижелерін 2020 жылғы 28 ақпанда Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің өкілдері жариялады.

– AQR нәтижелері Банк ВТБ (Қазақстан) жоғары кредиттік рейтингін растады, сондай-ақ банктің тиімді, теңдестірілген тәуекелдерді басқару жүйесін қолданатынын көрсетті, соның арқасында біз қосымша капиталдандыруды қажет етпейміз. Активтерді тәуелсіз бағалау нәтижелері бойынша ВТБ-ға жіберілген Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық бюллетеніне сәйкес, банк Ұлттық Банк белгілеген нормалардан асатын жеткілікті капитал резервіне ие, сонымен қатар реттеуші банктен кредит портфелін қосымша беруді талап етпейді. Біз елдің қаржы нарығында өзімізді жайлы сезінеміз және органикалық өсу стратегиясын жүзеге асыруды жалғастырамыз», – деді Банк ВТБ (Қазақстан) Басқарма төрағасы Дмитрий Забелло. – Активтердің сапасын бірінші кезекте Қазақстанда реттеуші жүзеге асыратын бағалау Қазақстандағы банк саласының жетілуіне жасалған маңызды қадам екенін атап өткен жөн. Нарық және жалпы қоғам осы саланың қандай жағдайда екенін білуі керек. Осы бағытта AQR – бұл қаржылық реттеуші тарапынан маңызды жаттығу, бұл жүйенің шиеленіс нүктелерін және осы нүктелерді жоюға бағытталған күштерді анықтауға мүмкіндік берді.

ВТБ (Қазақстан) жанындағы S&P Global Ratings халықаралық рейтинг агенттігінің деректері бойынша «Тұрақты» болжамы бар «BB+/B» рейтингтері Қазақстанның барлық ЕДБ арасындағы ең жоғары кредиттік рейтингтердің бірі болып табылады. Банк Қазақстанның қаржы нарығында 10 жыл табысты жұмыс істеп келеді және өзінің сервистерін, өнімдері мен қызметтерін белсенді жетілдіруді жалғастырады. Бұрынғыдай, ВТБ үшін клиенттердің жайлылығы мен сенімділігі басым болып қала береді.

stan.kz