С.Пен: Дипломды кімге береміз деген мәселеде өз қағидамызды ұстанамыз  

0

«Бос орындар мен жаңа мамандарға деген қажеттілік жағдайы көңіл қуантарлықтай емес. Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, 2022 жылдың бірінші қаңтарына сот мамандарындағы орынның 11% бос тұр … оның төрттен бір бөлігі аудандық сот төрағасының лауазымы», — деп ҚР Жоғарғы Сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Аслан Түкиев – KAZGUU Law School Business Council жұмыс берушілерінің жыл сайынғы жиналысында атап өтті.

«Біз бәріміз сот төрағасының лауазымы сұранысқа ие деген стереотиппен ойлауға үйреніп қалдық. Бірақ бүгінде 300-ге жуық аудандық соттың 25% орны бос тұр… оған қоса, аудандық сот төрағасы сот жүктемесінің жұмыстарын орындайды. Сонымен қатар Еуропада сот айына 2 істі қараса, бізде айына 50-ге жуық істі ұжымдық емес жеке қарайды. Сол себептен біз жас мамандарға құжат тапсырып, бос орындарға орналасуға шақырамыз», – деді Аслан Түкиев.

«Астана» халықаралық қаржы орталығы АҚ төрағасының орынбасары Нұржан Қосбаевтың айтуынша, заңгерлер үшін негізгі қажетті құзыреттер АХҚО заңдары, Англия мен Уэльс тәжірибесі, қазақстандық және ағылшын құқығы актілері болуы тиіс. Бүгінде АХҚО-да тіркелген 1341 компания бар, — деп атап өтті.

Өз кезегінде М.Нәрікбаев атындағы КАЗГЮУ университеті жыл сайын жұмыс берушілердің өкілдерімен кездесуді ұйымдастыра отырып, жоғары білікті мамандарды даярлау жөніндегі тілектер мен талаптарды назарға алады.

«Біз білікті заңгерлерді дайындаймыз, біріншіден, студенттердің тек 48%-ы ғана диплом мен мемлекеттік диплом сатысына жетіп жатады. Бұл оқу жылының басынан қатаң іріктеу критерийлерін енгізбеуіміздің, жоғары білімге қол жеткізуегі орынды шектемеуіміздің нәтижесі. Мектептер мен орта білім бізге іріктеуге қатаң қарауға мүмкіндік бермейді, ал біз дипломды кімге береміз деген мәселеде өз қағидамызды ұстанамыз», – деп атап өтті университеттің провосты Сергей Пен.

Сондай-ақ, кездесуге ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің, ҚР Әділет министрлігінің, «Kazakhstan Bar Association» KazBar заң консультанттары палатасы, IP Choice, SIGNUM Law Firm және басқа ұйымдардың өкілдері қатысты.

KLS Business Council — заң саласындағы негізгі жұмыс берушілердің өкілдерімен ашық диалогтық алаң, оның шеңберінде біз еліміз үшін ең күрделі практикалық міндеттерді шешуге қабілетті мамандарды даярлауға бағытталған білім беру бағдарламаларымызды одан әрі жетілдіру бойынша жұмыс істейміз, сондай-ақ талқылау шеңберінде жұмысқа орналастырудың және жаңа тұрпатты жоғары сыныпты жас заңгерлердің қажеттілігін қамтамасыз етудің тиімді тетіктерін әзірлейміз, жаңа форматтағы жұмысты бірлескен әлеуметтік және ғылыми жобаларды іске асырамыз.

Қосымша ақпарат және телефон: +7 7172 702853, +7 747 9260 — Айдар Хамит, электрондық пошта: PR@kazguu.kz