Оқушы қызды зорлады деп айыпталған экс-әкім қайта қызметке қабылдауды сұрады

0
325

Қайрат Досаев екі рет мемлекеттік қызметтен кеткен, екі жағдай да 2019 жылдың екінші жартыжылдығында орын алған, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Енді бұрынғы әкім президентке мемлекеттік қызметте болу мүмкіндігін қайтару туралы өтінішпен жүгінді, бұл туралы ол Facebook парақшасында жазды.

«Отан үшін еңбек етуге мүмкіндік беруіңізді сұраймын! Мен де Жаңа Қазақстанды құруға атсалысқым келеді» деп жазды Қайрат Досаев.

Тоқаевтан сөгіс алған Сапарбаев қатесін түзеп, Досаевты қызметінен босатты

Бірінші жұмыстан шығару 2019 жылдың қарашасында Таразда №6 орта мектептің 12 жасар оқушысын көше бойында орналасқан мектеп әжетханасында зорлаған атышулы жағдайдан кейін болды. Осыдан кейін Қайрат Досаев әкім қызметінен босатылды.

«Тараз қаласының әкімі болып тағайындалғаныма алты ай өткенде мектеп әжетханасында қайғылы оқиға болды. Құрметті президент мырза! Мен өзім әкемін, қыз өсіремін, сондықтан бұл жан түршігерлік қылмыс мен үшін жеке қасірет болды, оны өз басымнан өткіздім» деп жазды Қайрат Досаев.

Соған қарамастан, Досаев мемлекеттік қызметтегі жұмысын жалғастырып, желтоқсан айында Жамбыл облысы әкімдігінің еңбек инспекциясы жөніндегі басқармасының басшысы лауазымына ие болды. Бұл тағайындау үшін Қасым-Жомарт Тоқаев Жамбыл облысының әкімі Бердібек Сапарбаевқа сөгіс жариялады.

«Сізге менің тағайындалуым сіздің нұсқауларыңызға қайшы келеді деп қате хабарланды, бұл БАҚ-та белгілі бір резонанс тудырды. Сіздің нұсқауыңыз бойынша мен екінші рет жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Өйткені, Тараздағы мектептегі қайғылы оқиғадан кейін мен лауазымымнан босатылып, басшылық қызметке ауыстым. Неге мен екі рет жазаландым?» дейді Қайрат Досаев президентке.

Экс-әкім бұл оқиғадан кейін ешбір басшы оны «бұзылған адамға» айналды деп жұмысқа алмайтынын айтты.

Еске салсақ, 2019 жылдың қараша айында Таразда №6 орта мектептің 12 жасар оқушысы көшеде орналасқан мектеп әжетханасында зорланған болатын. Күдікті бірнеше сағаттың ішінде ұсталды. Одан кейін қыздың сынып жетекшісі, вахташы мен мектептің оқу ісінің меңгерушісі де жұмыстан қуылды.

(Фото Elana.kz)