Роналду коронавирус жұқтырды

0

Танымал футболшы Криштиану Роналду коронавирус жұқтырды.

Португалия ұлттық құрамасының баспасөз қызметі хабарлағандай, Роналдудың COVID-19 сынамасы оң нәтиже берді, енді ол Швеция құрамасымен Ұлттар лигасында ойнай алмайтын болды.

Бұған дейін Португалия құрамасында жұқтыру жағдайы анықталған болатын. Науқастың аты-жөні айтылған жоқ. Осыдан кейін инфекция басқа футболшыларда анықталмады