Ринат Заитов лауазымды қызметке тағайындалды

0

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі өнер театрына айтыс ақыны Ринат Зайтов директор болып келді. Бұл туралы ақынның достары әлеуметтік желіге жазды.

2019 жылы маусым айында: «Бұл біздің жеріміз. Бұл біздің ата-бабымыздан қалған жер, ағайындар. Бұл біздің еліміз. Бала-шағамыз ертең өсетін жер.

Ертеңгі күннен бастап мен партия құруды қолға аламын. Заңды жаттаймын,» деген Ринат Заитов ұсталып, кейін бұл туралы үнсіз қалған болатын.

Ринат ел есінде айтыстағы өткір тілімен, шыншылдығымен, «Димаш – Қытай саясатының құрбаны» деп сынауымен ел есінде қалып отыр.