Ресейде балалар мінген автобус аударылды

0
Әлемде

Қысқа сілтеме алу

44 0 0

Жол апатынан қаза болғандар мен зардап шеккендер бар

АСТАНА, 3 ақпан — Sputnik. Бүгін таңертең Ресейде Калуганың түбінде 25 бала мен 16 ересек отырған автобус аударылды.

Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Олармен бірге полиция көлігі еріп жүрмеген.

Ресей ТЖМ мәліметінше, жол апатынан 20 бала мен бір ересек зардап шекті.

Қазіргі таңда төрт адамның көз жұмғаны белгілі, ІІМ ақпаратынша, олардың үшеуі – ересек және бір бала. Ал дәрігерлер жеті адамның қаза болғанын хабарлап отыр.

Оқиға орнында жедел жәрдем бригадасы, құтқарушылар мен полиция жұмыс істеп жатыр.

Калуга облысының губернаторы зардап шеккендерге көмек көрсету және істің мән-жайын анықтау бойынша құрылған жедел штабты басқарды.


Дереккөз: https://sputniknews.kz/