Ресей елшілігі АҚШ-тан: «Путин туралы мәлімдемеге жауап беріңіздер»

0

Ресей елшілігі АҚШ-тан сенатор Линдси Грэмдің Ресей президенті Владимир Путин туралы айтқан мәлімдемесін ресми түрде түсіндіріп беруін талап етуде. Бұл туралы kznews.kz сайты РИА Новости басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

«Біз осы американдықтың қылмыстық мәлімдемелеріне ресми түсініктеме беруді және қатаң айыптауды талап етеміз», — делінген елшіліктің Facebook-тегі жазбасында.

Елші Анатолий Антоновтың айтуынша, Грэмдің мәлімдемесі қабылданбайды және шектен шыққан.

«АҚШ-та орысфобия мен Ресейге деген өшпенділік деңгейі артып келеді. Осындай жауапсыз және кәсіпқой емес саясаткерлер басында тұрған АҚШ үшін алаңдаулымын», — деді ол.