Зеленскийге бір аптаның ішінде үш рет қастандық жасалған

0
96

Украина президенті Владимир Зеленскийге бір апта ішінде үш рет қастандық жасалған. Бұл туралы kznews.kz сайты Британдық The Times газетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Басылымның хабарлауынша, Украина президентін өлтіруге екі топ жіберілген. Олар кремльшіл Вагнер тобының жалдамалылары мен шешен арнайы жасақтары.

Бірақ әр жолғы қастандық әрекеттері Ресей Федерациясының Федералдық қауіпсіздік қызметіндегі соғысқа қарсы шыққан ФСБ офицерлерінің арқасында жойылып отырған.

Вагнердің жалдамалы жауынгерлері қастандық кезінде шығынға ұшырады. Ал, Шешенстан арнайы жасақтарының бір тобы сенбі күні таңертең Зеленскийге қастандық жасамақ болған. Алайда, арнайы жасақ олардың көзін жойды.