Рамзан Қадыров карантин ережелерін бұзғандарды өлім жазасына кесу керек деп айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыров карантин талаптарын бұзып, басқаларына коронавирус таратқандар үшін өлім ең дұрыс жаза екендігін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қадыров туыстарының жоғары лауазымдарға тағайындалуын түсіндірді

Қадыров өзіне және өзгелерге қауіп төндіретіндерді ату керектігін айтыпты.  

«Ол адам өзінің ауырғанымен қоса, жақын туыстарына ауруды жұқтырады», — депті Шешенстан басшысы. 

Бұған қоса саясаткер Шешенстан Республикасының азаматтарын карантин ережелерін сақтап, анда-мұнда бармауға шақырды. Мысал ретінде ол Меккеге қажылыққа барып, инфекцияны жұқтырып келгендерді келтірді.

«Олар қажылыққа барып келгеннен кейін карантинге жатудың орнына адамдарды жинап уағыз оқыған, басқаларымен сөйлесіп, амандасып жүрген. Егер ол ауру жұқтырған болса, онымен қарым-қатынаста болған тағы 1000 адам ауруы мүмкін», — дейді Қадыров. 

Қадыров егер ауру республика аумағында жаппай тарала бастаса, билік індетті ауыздықтауға қауқарсыз болатынын жеткізді. 

Еске салайық, Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 100-ден асып отыр. 

 

stan.kz