Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Премьер-министр Асқар Маминнің төрағалығымен президенті жанындағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның селекторлық отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен 28 наурыздан бастап карантин режимін күшейтіледі, деп хабарлады премьер-министрдің ресми сайты.

Мемлекеттік комиссия 28 наурыз сағат 00.00-ден бастап келесі шараларды қабылдау арқылы Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимін күшейту туралы шешімді бекітті:

  • Азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып алуды және жұмысқа баруды қоспағанда, азаматтардың тұрғын үйден шығуын шектеу;
  • Халық көп жиналатын орындарды жабу (саябақтар, скверлер, жаяу жүретін көшелер, жағалаулар, ойын алаңдары және т. б.);
  • Қоғамдық көлік жұмысын кезең-кезеңмен шектеу;
  • Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салу (отбасы мүшелерінен басқа); 
  • Кәмелеттік жасқа толмағандардың үлкендерсіз сыртта жүруіне тыйым салу. 



sputniknews.kz