Қызылордада бір отбасының 8 мүшесі коронавирус жұқтырған – Қазақстан жаңалықтары

0
18

Қызылорда облысында бір отбасының сегіз адамы коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

коронавирус

Бұл туралы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Жақсылық Абдусаметов Хабар 24 арнасында өткен онлайн-брифингіде айтты.

«Вирус жұқтырғандар бір отбасының мүшесі. Олар 6 жастан 44 жасқа дейінгі аралықта. Үшеуі 14 жасқа толмаған бала», – деді Абдусаметов.

Айтуынша, бір көшеде жақын тұратын адамдар сақтық шараларын сақтамауы себепті ауруды жұқтырған.

«Бұл ретте басқосуларды, жиындар, той-томалақты өткізбеуге шақырамыз. Тұрғындар сақтық шараларын сақтамағандықтан осындай жағдайға тап болып отырмыз. Тұрғындарды сақтық шараларын сақтауға, жеке басын оқшаулауға, қауіпсіздік әрекетін жасауға шақырамыз шақырамыз», – деді ол.

Облыста 18 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Науқастар 388 адаммен байланыста болған.

Бұған дейін Қызылорда облысында 10 адамның коронавирус жұқтырғанын хабарлаған едік.

stan.kz