Арал теңізінде екі балықшы батып кетті

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Екі күн бұрын 46 жастағы және 22 жастағы екі балықшы Кіші Арал теңізіне моторлы қайықпен балық аулауға шыққан

НҰР-СҰЛТАН, 31 наурыз – Sputnik. Қызылорда облысында екі балықшы суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ІІМ төтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.

30 наурыз сағат 13:00-де облыстық төтенше жағдайлар департаментінің кезекші пультіне екі адамның жоғалып кеткені туралы хабар түседі.

Белгілі болғандай, 29 наурызда 1974 және 1998 жылғы балықшылар Кіші Арал теңізіне моторлы қайықпен балық аулауға шыққан.

«ТЖД жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл түрде іздеу жұмыстарына жұмылырылды. Сонымен бірге жергілікті тұрғындар да тартылды. Екі сағаттан кейін құтқару тобы екі балықшының денесін судан алып шықты», — делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: Батыс Қазақстанда ауыл тұрғындары мектеп пен емханаға құбыр арқылы барып жүр

Өздерімен бірге жеке құтқару құралдары болмаған.

Құтқарушылар көктем кезінде су қоймаларында қайғылы оқиғаларға жол бермеу мақсатында тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын, профилактикалық шаралар жүргізіп жатыр.



sputniknews.kz