Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап өсуде — Қазақстан жаңалықтары

0

Қызылорда облысында коронавирус жұқтырғандардың саны күн санап артуда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

тест

Бүгін індет жұқтырғандардың бесеуі — Шиелі ауданында, біреуі — Сырдария ауданында және бір науқас Қызылорда қаласында анықталып отыр.

«Шиелідегі 5 адамнан және Сырдариядағы 1 адамнан коронавирустық инфекция жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты, ал Қызылорда қаласында анықталып отырған 1 адамнан ЖРВИ симптомдарына шағымдануына байланысты зертханалық сынамалар алынған. ПТР диагностикалық зерттеу қорытындысымен COVID-19 диагнозы нақтыланды», — делінген ресми хабарламада.

Қазіргі таңда науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Қазір облыста ауру жұқтырған 92 науқас тіркеліпті. 

 

stan.kz