Атырауда соңғы тіркелген науқастар ауруды қайдан жұқтырғаны айтылды — Қазақстан жаңалықтары

0

Атырау облысында соңғы тіркелген науқастар жайлы деректер айтыл, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус

Ауру жұқтырғандардың барлығы Атырау облысынан тіркелді. Барлығы коронавирус инфекциясын жұқтырған адаммен қарым-қатынаста болуына байланысты карантиндік стационарға жатқызылып, зертханалық сынамалар алынған.

ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша COVID-19 диагнозы анықталды.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайлары қанағаттанарлық, бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда.

Науқастармен қарым-қатынаста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынуда.

Ауру ошақтарында эпидзерттеу, дезинфекциялық жұмыстар жүргізілуде.

09.04.2020 жағдай бойынша өңірде COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 39 адам анықталды.

stan.kz