“Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың” қалай жасалатыны белгілі болды (видео)

0

“Ыстықкөл құсфабрикасы” кәсіпорынының директоры Сталбек Мамбеталиев “резеңкелі” жұмыртқалардың қалай пайда болатынын айтып берді. Директор ветерианрлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандарына жұмыртқалардың жасалуын көрсетті. Бұл туралы Sputnik Қырғызстанға сілтеме жасап, Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды

Өскемендік санитарлық дәрігерлер "гелді" жұмыртқаларды іздеуде (видео)

“Қатты суыққа ұшыраған жұмыртқалар қайнағанда осындай тығыз болып қалады. Тауықтың жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес”, — деді Мамбеталиев.

Директор бірнеше жұмыртқаларды, сонымен қатар, тоңазытқышта жатқандарды қайнатты. Сосын қытайдың жасанды заты деп мәлімдеме жасаған Оштың тұрғыны сияқты жұмыртқаларды көрсетті.


Осыған дейін желіде Өскемендегі “пластмассалық” жұмыртқалар жайлы видео пайда болған.

“Бүгін жұмыста Қытайдан келген пластмассалық жұмыртқаларды көрсетті. Енді Қазақстанға да жетті. Олар үстелде ары-бері теңселетін ойыншықтар сияқты тұрады. Әдейі жардықғ ал ішінде гель. Жұмыртқаның таңбасы бар. Қайнатсаң, ағарады. Байқаңыздар, сатып алғанда абай болыңыздар”, — дейді кадр сыртындағы дауыс.

Осы видеодан кейін ветеринарлық бақылаудың мамандары мен санитарлық дәрігерлер облыстағы дүкендер мен жаппай сатып алуға болатын сауда орындарын тексерді. Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері видеоны 100 пайызға фейк деп атады.