Қытайдағы химзауыттың жарылу салдарынан 44 адам қаза тапқан — Қазақстан жаңалықтары

0

Наурыздың 21-і күні  Қытайдағы ірі химиялық зауыттардың бірінде жарылыс болып, салдарынан қаза тапқандар саны 44 адамға жетіп отыр деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі 31 арнаға сілтеп. 

Қытайдағы химзауытта олған жарылыс салдарынан 44 адам қаза тапты

Оқиға 21-наурызда пестицидтерді өндіруге арналған Tianjiayi Chemical компаниясының зауытында орын алған. Жарылыс орын алған сәттен бастап  алты адам қаза тауып, отыз адам жарақатанғаны туралы хабар тараған еді. Бірақ  қаза тапқандар саны мен жарақаттанғандары саны өсіп жатыр. Зауыттағы жарылыс салдарынан күшті өрт басталған.

Жергілікті биліктің ақпараты бойынша, ауруханаларда 90 зардап шеккен адам бар. Оның  32-сі ауыр жағдайда және 58 адам ауыр жарақат алған. Барлығы 16 жергілікті ауруханадан 640-қа жуық зардап шеккен адам түрлі дәрежедегі жарақатпен жеткізілген.

Қытайдағы химзауытта олған жарылыс салдарынан 44 адам қаза тапты

ТЖМ оқиға орнынан 88 адам құтқарылды. Жарылыстан кейін зауытта қуатты өрт басталды, 900-ден астам өрт сөндіруші отпен күресуде. Алты өрт сөндіруші қаза тапты.

Жығылғанға жұдырық болғандай жарылыс салдарынан жер сілкінісі пайда болғанын  сейсмологтар тіркеген. Қытай сейсмикалық агенттігі оқиға орнының жанында 2,2 магнитудасы бар жер асты дүмпулерін тіркеген.

Яньчэн қаласының және жақын маңдағы қалалардың тұрғындары зардап шеккендер үшін қан тапсыруға күні-түні  кезекте тұрып, көмек қолын созуда. 

Ал зауыттағы жарылыстың себепі әлі анықталған жоқ. 

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz