Елордада жолаушылар автобусы жанып кетті — Қазақстан жаңалықтары

0

Елордамызда мереке күні жолаушылар автобусы толық жанып кеткен. Оқиға куәгері болған қала тұрғыны бейнетаспаға түсіріп алған деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Sputnik.news сайтына сілтеме жасап. 

Елордада жолаушылар автобусы жанып кетті

Қалың қара түтін аспанға көтеріліп, айналаны түгел қамтып үлгерген.  Өртенген №13 автобус екен.  Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлайды елордалық Төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт туралы хабарлама Астана уақыты бойынша 16.25-те «101» пультіне келіп түскен.  Куәгерлердің мәліметі бойынша, №13  қалалық жолаушылар автобусы №10 Қалалық емханаға жақын жерде, қаланың жаңа аудандарының бірінде өртенген. 

Оқиға орнына тез келген өрт сөндірушілер  өртті ауыздықтау және жою үшін жарты сағаттан аз уақыт ішінде қауіптің алдын алды. 

 «Өртті сөндіруге жеке құрамның алты адамы мен бір өрт сөндіру машинасы жұмылдырылды», — деп атап өтті астаналық ТЖД-і

Әзірге автобустың жану себептері анықталуда. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз

stan.kz