Қытайда жойқын жарылыс салдарынан жер сілкініп, 64 адам ажал құшты

0
91

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, сейсмологтар жер сілкінісін тіркеген

АСТАНА, 23 наурыз – Sputnik. Қытайдың шығысындағы Цзянсу провинциясында химия зауытында жарылыс болып, 64 адам көз жұмды, тағы 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті, деп мәлімдеді Яньчэн қаласының мэрі Цао Лубао.

«Сенбі сағат 7:00-дегі мәлімет бойынша (Астана уақытымен 5:00) Цзянсу провинциясында химия зауытындағы жарылыстан 64 адам көз жұмды, тағы 28 адам із-түзсіз жоғалып кетті, қазіргі таңда 26 адамның кім екені анықталды», – деді шенеунік.

21 адам хәл үстінде жатыр, тағы 73-інің жағдайы ауыр, деп жазды РИА Новости.

Цао Лубао зардап шеккен қалған 600-ден астам адамның жағдайына қатысты да түсініктеме берді.

«Дәл қазір қолда бар  ақпарат бойынша қаладағы 16 ауруханаға 617 адам емделуге барған. Олардың 523-і жеңіл жарақат алған», – деген қала басшысы ауруханалардағы 143 адамды дәрігерлер бақылауға алғанын айта кетті.

Жарылыс бейсенбі күні «Цзянсу Тяньцзяи» химия зауытында жергілікті уақыт бойына 14:00-де (Астана уақытымен 12:00) болды. Жарылыстың қуатты болғаны соншалық, сейсмологтар осы провинцияда 2,2 магнитудалы жер сілкінісін тіркеген.



sputniknews.kz