Қытайда апатқа ұшыраған ұшақта қазақстандықтар болмаған

0

Мәліметтер бойынша, Қытайдың оңтүстігінде апатқа ұшыраған ұшақ жолаушылары арасында қазақстандықтар болған жоқ, — деп хабарлайды Kznews.kz жаңалықтар порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ жолаушылары арасында біздің азаматтар жоқ», — делі ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі өкілі.

China Eastern Airlines компаниясының ұшағы 21 наурызда Қытайдың оңтүстігіндегі Гуанси-Чжуан аймағында апатқа ұшыраған еді. Бортта 132 адам болған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер туралы ақпарат жарияланбады.

Қытайдың орталық телеарнасы мәліметінше, іздестіру-құтқару тобы сейсенбі, 22 наурыз күні сағат 09:50-де  апат орнынан апатқа ұшыраған лайнердің сынықтарын тапқан.

«Алайда әзірге із-түзсіз жоғалғандар табылған жоқ», – дейді қызмет өкілдері ұшақ құлаған жерде жолаушылардың мәйіттерінің жоқтығы туралы.

Жолаушыларды іздеу жұмыстары жалғасуда. Таулы аймақ арқылы қозғалыс үлкен қиындықтар туғызып жатқаны анықталды.

(Фото және ақпарат stan.kz сайтынан алынды)