Қытай қысымынан қашып Украина шекарасын заңсыз кескен қандасымыз депортацияланбайды

0
748

Қараша айының басында Украина шекарасын заңсыз кесіп өткен қандасымыз Елшін Еркінге қатысты ақпарат берген болатынбыз.

Нақтылай кетсек, 03.11.2020 күні ол Украинаның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп ету әрекеті үшін ұсталды, ал 06.11.2020 күні-ақ сот Елсін Еркін тұтқынға алып, Украинадан қуып шығару туралы шешім қабылдады.

Қазақстандық миллиардер Марғұлан Сейсембай Елсін Еркіннің сот ісіне көмек жасайтынын айтқан болатын.

Бүгін М.Сейсембай: «Мен іске жұмылдырған LES және Вест Партнерс адвокаттар бірлестіктері заңгерлерінің кәсіби шеберлігі мен «Право на защиту» қайырымдылық қорының қолдауының арқасында Елсен Аеркен нақты депортациядан құтылды, бірақ процесс әлі аяқталмады» деп жазды.

«Дүйсенбі, 07.12.2020 күні сағ. 09:30-да Сегізінші аппелляциялық әкімшілік сот Елсенді тұтқындау және елден қуып шығару туралы Лычаков аудандық сотының шешіміне қарсы адвокаттардың шағымын қарайды.

Сонымен қатар, Елсен Аеркенге босқын және қосымша қамқорлықты қажет ететін тұлға статусын беруге қажетті құжаттар көші-қон бойынша құзырлы органдарға жіберілді.
Аталмыш заң процестері бір ай бойы оң нәтижелерін беріп келеді және бауырласымызды болашақта Қытайға депортацияға ұшыратуға жол бермейді.
Жаңалықтар болса, сіздерді хабардар етіп отырамын…

P.S. Украина иммиграциялық қызметі Елсенге бассауға іздеуші картасын берді» деді қазақ миллиардері.