Бурабайда өлі табылған 4 әйелдің кімдер екені анықталды

0
675

Бүгін сайтымыз Бурабайда пәтерден төрт әйелдің мәйіті табығаны туралы жазған болатын. 

Енді Бурабай ауданы әкімдігінің ақпаратына сәйкес, пәтерлердің бірінде үйдің екі иесі мен екі көршісінің өлтірілгені белгілі болды.

Қайтыс болғандардың бірі – 70 жастағы үй иесі. Оның 41-дегі қызы мен екі көршісі де көз жұмды. Сыныптасының айтуынша, 41 жастағы әйел соңғы кезде жиі алкоголь ішетін болған. Оның 20 және 13-тегі екі қызы қалды.

Пәтерде Вераның тағы екі танысының мәйіті табылды. Олардың біреуі Қарағандыдан келіп, жергілікті қонақүйде немесе дүкенде жұмыс істеген.