Қытай Қазақстанға өтініш білдірді

0
8

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қытай тарапының өтініші бойынша Бейжіңге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ Қытай елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда

АЛМАТЫ, 10 ақпан – Sputnik. Қазақстан үкіметі Қытай аумағындағы және отанына оралуға тілек білдірген қазақстандықтарды эвакуациялайды. Бұл президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың азаматтарды коронавирусты жұқтырудан қорғау жөнінде іс-шаралар қабылдау туралы тапсырмасы аясында жүргізіледі, деп хабарлады сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

«Қытай билігімен келісім бойынша қазақстандық азаматтарды әкелу үшін Air Astana әуекомпаниясының екі ұшағы 2020 жылдың 10 және 12 ақпанында Бейжіңге жіберіледі. Ұшу барысында жолаушылармен бірге медициналық қызметкерлер болады «, – делінген хатта.

Қытай тарапының өтініші бойынша осы рейстер арқылы Бейжіңге Қазақстандағы 47 Қытай азаматын, сондай-ақ Қытай елшілігінің коммерциялық емес жүгін жеткізу жоспарлануда.

Оқи отырыңыз: Дәрігерлер Қытайдан Нұр-Сұлтанға келген студентке диагноз қойды 

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, қазір Қытай аумағында 719 Қазақстан азаматы бар, оның 391-і отанына оралуға өтініш білдірді. Қытайда қалуға тілек білдіргендер – отбасы мүшелері не өздері дипломатиялық мекемелердің қызметкерлері, студенттер және басқа да жеке тұлғалар.

Қазақстанның ҚХР-дағы дипломатиялық мекемелері қажет болған жағдайда тиісті көмек көрсету үшін Қазақстан азаматтарымен жұмысты жалғастыруда.



sputniknews.kz