Қордайдағы тәртіпсіздік: Тоқаев оқиғаның салдарын жою туралы үкімет басшысының жұмысын тексерді — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстан Президенті Премьер-Министр Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Тоқаев және Мамин

Премьер-министр Президентке Жамбыл облысы Қордай ауданында болған оқиғаның салдарын жою жөніндегі үкіметтік комиссияның жұмыстары туралы айтты.

Асқар Мамин Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің 2020 жылдың қаңтар айындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және инвестиция тарту мәселесіне орай қабылданып жатқан шаралар туралы есеп берді.

Сонымен қатар мемлекет басшысына үкіметтің 2019 жылдың қорытындылары жөніндегі кеңейтілген отырысында берілген тапсырмаларының орындалуы жайында баяндалды.

Бұған дейін Қордайдағы оқиғаға байланысты бас прокурордың президентке есеп бергені жайлы айтылған еді. 

stan.kz