Қытай ішінде 14 мың адамы бар әуежайды жапты: әрқайсысы ПТР-тест тапсырады

Шанхай Пудун халықаралық әуежайының қызметкерінен коронавирус анықталған. Осыдан кейін басшылық барлық есікті жауып, тест тапсыратын зертхана ұйымдастырды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі.
Басшылығы жүк терминалы қызметкерінің COVID-19 жұқтырғаны расталғаннан кейін 14 мың адамнан тұратын жұмысшылар мен жолаушыларды ұстап, тексеру туралы шешім қабылдады.
Аталған әуежай шекарасы эпидемиологиялық қауіптің орташа деңгейі бар аймақ деп жарияланды.