52 жастағы ыдыс жуушы әйел қайтыс болған: Кафедегі жарылыс туралы жаңа мәліметтер пайда болды

0
594

Төтенше жағдайлар министрлігі Нұр-Сұлтандағы жарылыс болған кафеде болған оқиғаның жай-жапсары туралы жаңа деректер жариялады.

2020 жылғы 21 қарашада сағат 12.25-те Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД кезекші-
диспетчерлік қызметінің пультіне Шұбар шағын ауданындағы «Halalbrothers»
дәмханасында газ баллон жарылғаны, салдарынан өрт шыққаны туралы хабарлама түскен болатын.

«Астаналық құтқарушылар 35 газ баллонын шығарды. Талдау кезінде жабық бас жарақатын алған 1998 жылы туған қыз құтқарылды. Өкінішке орай, осы кафеде ыдыс жуғыш болып жұмыс істеген 1968 жылы туған әйел қайтыс болды», – деп қосты министрлік.

Жедел медициналық көмек бригадасы 34 адамды емханаға жеткізді. Оның ішінде 11-і дәрігер қарағаннан кейін үйлеріне жіберілді, 23-і ауруханаға жатқызылды.

Зардап шеккен адамдардың барлығы дәмхана жұмысшылары. Сондай-
ақ жарылыс салдарынан 3 автокөлік зиян келтірілді. Көлемі 20 шаршы метр өрт сағат 12.58-де сөндірілді. Авариялық-құтқару жұмыстары сағат 16.59-да аяқталды. Өрттің шығу себептері анықталуда. Оқиға орнында Нұр-Сұлтан қаласы ТЖД, Апаттар медицинасы орталығының 56 қызметкері мен 14 бірлік техникасы жұмыс жасады.