Қысқы табиғат ерекшеліктері, қар кесегі, аппақ қар

0
215
Жұлдызша ересектер тобы
Білім беру саласы: Шығармашылық
Бөлімі: Сурет салу
Өтпелі тақырып: Қысқы табиғат ерекшеліктері
Тақырыбы: Қар кесегі
Мақсаты:
Бімділілік: балаларға дәстүрден тыс үрлеу әдісі бойынша қар кесегін түтікшемен үрлеп салуға үйрету. Қысқы табиғат ерекшеліктерін ажыратуға, атап айтуға үйрету.
Дамытушылық: қысқы ойын түрлерін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: эстетикалық талғамдарын дамыту, табиғатқа деген сүйіспеншілікке, қамқорлық жасауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекі құралдар: қар кесегінің суреттері, кляксография әдісі ақ қағаздар, қысқы табиғат ерекшеліктерін ажырататын видео ролик.
Қажетті құрал – жабдықтар: тушь көк түс, гуашь ақ түс, ақ қағаз, сүлгі, түтікше видео ролик.
Сөздік жұмыс: Қар кесегі.
Көптілділік: Қар – снег – snow

Мотивациялық – қозғаушылық
Шаттық шеңбері.
Қыс келді, қыс келді
Ақтарып ақ қарды.
Дала аппақ түске енді.
Аралап қайтайық.
Ақ күміс бақтарды
Қайырлы таң достарым!
Қайырлы таң апайлар!

Ұйымдастырушылық – ізденістік
Оқу қызметі жұмбақ жасырудан басталды.
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тонады,
Ол не?
Қар жауғанда топ бала
Соқтық келіп аққала
Мұрын – сәбіз, үп – үшкір,
Көзі – көмір, қап – қара
Ол не?
– Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар?
– Қыс айларында табиғатта қандай өзгерістер болады?
– Ендеше боран соққанды қимылмен қалай көрсетеміз?
– Үскірік аяз болып тоңғанда не істейді?
– Ал, күн шыққанда не істейсіңдер?
Суреттерді көрсетіп, қысқы табиғаттың ерекшелігін айтамыз.
Слайд. Ауа – райы.
Слайдпен көрсетіп, кляксография әдісімен қар кесегін салу жолдарын көрсету.
Көптілділік: Қар – снег – snow
Бұл кляксография әдісін ақ қағаздарды дайындап алайық.
– Балалар ақ сия мен көк сияны араластырамыз сол кезде көкшіл түске айналады.
– Осы сияны қағазға тамызып оны түтікшемен үрлейміз.
– Сол кезде қар кесегінің суреті дайын болады.
Сергіту сәті видео ролик

Тақтамен жұмыс
«Топқа бөлу» дидактикалық ойыны.
Шарты: тақтада қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындар. Суреті ілініп тұрады. қысқы киімдер, қысқы құралдар, қысқы ойындартиісті белгілерді жанына орналастырады.
Мақсаты: қысқы табиғат көрінісін бейнелейтін сөздерді айтқызу. Қысқы табиғат көрінісін, қысқы ойын түрлерін атау. Қоршаған ортаға деген сүйіспеншілігін арттыру.

Тәрбиеші: Оразахунова Назым Болатқанқызы

Дереккөз: http://bilimdiler.kz/